Алматы облысы, Шамалған ауылында Болат Назарбаевтың жерлеу рәсімі өтті
Болат Назарбаевтың үйіне, сондай-ақ зиратқа апаратын жолдар жабылып, адамдарды өткізуге тыйым салынып, барлық жерді полиция күзетті. Экс-президенттің ағасын соңғы сапарға шығарып салуға жиналғандар көп болды,деп хабарлайды KYN.KZ.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, інісінің жаназасына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Ал іс басындағы ресми тұлғалардан Премьер-министрдің жаназаға қатысқаны айтылды.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтқан еді. Президенттің жаназаға қатыспайтыны кеше белгілі болған.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
2026 жылы елімізде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10%-ға өседі
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025
Қоғам
"Мені балам өлтірмекші": Түркістан облысында қария ұлынан қорлық көргенін айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025




