Жуырда ғана келін түсірген әнші Өмірқұл Айниязов жақында әке атанбақ
Фарида Айниязова үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтты
Танымал әнші Өмірқұл Айниязовтың жұбайы “Жұлдызды шаңырақта” бағдарламасында үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Фарида Айниязова аяғы ауыр екенін жұртшылықтан барынша жасырып келген.
“Жағдайым жақсы. Адам асыққанымен, Алла асықпайды. Осыдан 2-3 жыл бұрын Айсезім есімді қызымызды Алладан күндіз-түні тілеп, сұрап алғанбыз. Қазақта “майкөтен” дейтін сөз бар ғой. Сол қыз май көтен болып, жағдайымыз осындай болып тұр. Кеше Өмекеңе: “Мен жұлдыздың жарымын. Қазір сәби күтіп жүрген жұлдыздар көп қой. Солармен өзіміз бөлек чат ашып алдық. Ерке, Алтынай, Айдана бар” деп айтып жатырмын. Алла осы періштені аман-есен дүниеге әкелуді нәсіп етсін”, – дейді Фарида Айниязова.
Әншінің жары “келінмен бірге жарысып босанып жатыр” деген қисық көзге де дайын екенін жеткізді.
“Әрі қарай жасыруға келмей жатыр. Барынша жасырдық. Көз бар, тіл бар дегендей өзіміздің көптен күткен қуанышымыз болғандықтан қорықтық. “Келінмен жарысып” деп айтатындар бар шығар. Бірақ біз үшін бұл үлкен бақыт. Келінге де, балаға да осындай қуанышты жаңалықты Алла нәсіп етсе, ана болуға да, әже болуға да әбден дайынмын”, – әншінің жұбайы.