Басты жаңалықтар
Маңғыстаулық бай азамат беташар тойында 8 көліктің кілті мен алтын бұйымдарды шашуға шашты
- автор kyn.kz
- 5 шілде, 2018
- 1.2k
Жұрт аузында қалған беташар тойда шашудағы ең арзан зат 100 АҚШ доллары болған
Бүкіл Қазақстан халқын Маңғыстау облысындағы беташар тойының дәстүріне қайран қалып, пікірлерін жарыса жазғаннан кейін KYN.KZ тілшісі өңірдегі той өткізу тәртібімен толығырақ танысу үшін бірнеше асабаны сөзге тартқан еді.
Атрау қаласы мен ауылдарында той өткізу тәртібі қатаң бекітілген екен. келін түскен күні - ақ беташар тойын өткізу міндет екен.
"Бізде келінді алып келген күні бүкіл туысқа көрсетпей жатып ресми бетін ашамыз. Оңтүстіктегідей тойдың алдында ашу деген ұят саналады. Расымен де келіннің жүзін ешкім көрмеуі тиіс. Бетін ашқанда барлық халық шашу шашып, көрімдігін береді. Әдет бойынша келін түскен үйдің ағайындары қалтасына қарай шашу шашады",-дейді асаба Елдос.
Ең кедейлердің өзі беташар тойында кәмпит пен бір долларлық, мың, екі мың, бес мың теңгеліктер шашады екен. Ал ең қалталылар көлік пен пәтер кілтін шашуға шашады екен.
"Бізде пәтер кілтін шашқандар да болды. Осы екі апта бұрын Ақтауда жақсы қызмет ететін кәсіпкер ағамыз ауылдағы інісін үйлендірді. Ауқатты әулет. Бүкіл туыстары ауылдағы қара шаңыраққа жиналды. Сол күні ең қымбат шашу 8 Lada Granta көлігінің кілті болды.
Кілтті тойға келген ауыл халқы алды әрине. Ең арзаны кәмпит тәттілерді айтпағанда 100 АҚШ долларының купюрасы болды. Әрине ол жерде алтын сырға, сақина да шашуға шашылды. Бұл жағдай болса әркімнің де арманы деп ойлаймын.
Той жасаған отбасы барынша шашылып, қонақтарын риза қылып жібергенін көзіммен көрдім. Қазақ бар болса кең ғой. Тойды жасағаннан кейін осылай өткізсе.",- дейді Елдос есімді асаба.
Жағдайы бар азаматтар тойда әулеттің барлық келіндерінің қазақы нақышта бірдей киінгенін қалайды екен. Келіндер арнайы киім тапсырыспен киім тіккізіп, келген қонақтарға жүгіріп жүріп қызмет көрсетеді. Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін KYN.KZ сайтының хат түріндегі рұқсатын алу міндеттеледі. Сайтыңызға осы материалдың алғашқы сөйлемдерін жариялап, қалғанын Kyn.kz сайтынан оқыңыз деп сілтеу керек.