Алматыда әйелді зорлап, онысын видеоға жазған күдікті бостандыққа шығып, тағы қылмыс жасады
Ол әйелге өзі түсірген видеоны көрсетіп, желіге тарататынын айтып, ақша бопсалаған
Тамызда бар күзетшісі секілді киінген ер адам әйелді пышақпен қорқытып, зорлап, онысын видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Ал Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жәбірленушінің пәтеріне баса-көктеп кіріп, арызын қайтарып алуды талап еткен. Олар әйелге “зорлық болғанын дәлелдей алмайсың” дейді.
Зардап шегушінің адвокаты Жанна Мұхамади ҚазТАГ-қа прокурорлардың күзетшіні “айыпталушы” ретінде танудан бас тартып, босатып жібергенін айтты. Бостандыққа шыққан күдікті тағы да заңды бұзған. Бұған қатысты егжей-тегжейлі мәлімет жоқ, бірақ бұл «меншікке қарсы ауыр қылмыс» деп көрсетілген. Осы жолы полиция күдіктіні тағы тұтқындады. Алайда оның қанша уақытқа дейін қамауда болатыны белгісіз.