Айна Досқызы халықты алимент төлемейтін ер адамдармен қол алысып амандаспауға шақырды
Өз баласына алимент төлемейтін еркекпен бір дастархан басында отырмауды да айтты
Айна Досқызы қоғамдағы алимент төлемейтін ер адамдармен қол алысып амандаспауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Ажыраспа” жобасының аясында менің алимент жайлы үнемі шырылдап айтатын бір нәрсем бар еді. Құрметті еркектер қауымы! Өз баласына алимент төлемейтін еркекпен бір дастархан басында отырмаңдаршы, қол алып амандаспаңдаршы, дос ретінде қабылдамаңдаршы. Әйелдер “алимент төле” деп мың шырылдағаннан бір еркектің қол алмай жанынан өтіп кеткені алимент төлемейтін әкелерге әлдеқайда қатты әсер етеді!!!! Еркекті әйел емес, тек өзі сияқты еркек орта қабылдамағанда ғана ол ойланады”, - дейді ол.