Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай Бегейдің блогер қызы елді өзіне қарату үшін видео түсіріп, жауапқа тартылды

Абай Бегейдің блогер қызы елді өзіне қарату үшін видео түсіріп, жауапқа тартылды
Caspiantoday.kz
Әлеуметтік желіде блогердің қауіпсіздік белдігін тақпай көлік тізгіндеген видеосы тарады

Сонымен қатар көлікте қасында отырған баланың қолын ұстаған әйелдің видеосы пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерді бақылай отырып, Lexus NX200 көлігі жүргізушісінің құқық бұзушылық жасағаны туралы видеоны анықтағанын айтты.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 жастағы азаматты анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) әкімшілік хаттама толтырылды.

“Белгілі болғандай, жүргізуші көлікті қауіпсіздік белдігінсіз басқарған. Сондай-ақ көлікте арнайы балаларға арналған орындық болмағаны анықталды”,– деді полиция.

Ұқсас жаңалықтар