3 жыл бойы 5-сынып оқушысын қорлап келген ер адам қыздың анасына қылмысын жасыру үшін ақша ұсынған
Сұмдық жәйт Алматы облысы, Қарақыстақ ауылында орын алды
Жәбірленушіні анасының айтуынша,зейнеткер 2-сыныптан бері қорлап келген. Қазір 5-сыныпта оқиды, яғни 3 жыл бойы 60 жастағы ер адам қорлық көрсетіп келген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Köremiz" бағдарламасына сілтеме жасап.
Бұл жағдай Алматы облысы, Қарақыстақ ауылында орын алды. 60 жасар азамат 10 жастағы көрші қызға 3 жыл бойы азғындық жасап келген. Алайда полиция дәлел аз деп, күдіктіні бостандыққа қоя берген.
Қарақыстақ ауылының тұрғындары да көрші қарияның қыз-келіншек көрсе, құшырлана сүйіп, көз салатынын байқаған. Бірақ дабыл қағатын жағдай болады деп ешкім ойламаса керек.
Ауыл тұрғындары да зейнеткердің ауылдан тезірек кеткенін қалап отыр. Көшеге бала-шағасын жинап шығудан қорқып қалғандарын айтты.