Қоғам

“Қолымдағы лагым кетіп қала береді” деп памперске жөнсіз ақша сұраған әйелге Нұрлан имам шүйлікті

Имамның айтуынша халықтан жиналған ақша жөнімен жұмсалуы керек

Нұрлан имам халықтан жиналған қаражаттың жөн-жозықсыз жұмсалуына қарсы, деп хабарлайды KYN.KZ.

“Маған бір әйел көмек сұрап келді. Мешіттен азық-түлік алып тұрады екен, жақсы екен деп әңгімесін тыңдадым. Енді ол сәбидің памперсін сұрады. Мен ауру баласы бар шығар деп ойладым. Қандай өлшемде деп те сұрадым. Сөйтсем, баласы да өзі де сау, тек қолындағы лагы кетіп қала беретіндіктен памперс сұрап тұр екен. Мен жағамды ұстап қалдым. Содан мүмкін прокладкаңызға дейін алып берерміз деп айттым. Сондықтан халықтан жиналған ақша жөнімен жұмсалуы керек”,-деді Нұрлан имам.