Қоғам

“Әйелді гүл ететін де, күң ететін де еркектер”: Блогер Гүлшарат Жұбаева ерлердің тәрбиесімен айналысатын уақыт келгенін айтады

Блогер өз жазбасында әр ер азамат қыз баланы өз қарындасындай қорғауы керек дейді

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

“Соңғы болып жатқан оқиғалар ер азаматтардың абройын біршама түсіріп тастады шыны керек. Осыдан кейін қыздар тұрмыс құруға асықпасы анық. Тұрмысқа шығуға қорқатын қыздар көп. Оған келіп қашан тұрмысқа шығасың? Қашан туасың? дейміз.  Қәйтсін енді? Бала зорлап жатыр еркектер, ұрып жатыр еркектер,  ұрлап жатыр еркектер, өлтіріп жатыр еркектер! Жаңалық қарау мүмкін емес.  Фобия. Қызға қырық үйден тиым деп бүкіл жауапкершілікті тек қызға арта бермей,  ер азаматтардың тәрбиесімен айналысатын уақыт келді ау. Небір пікірлерді оқып жағамды ұстадым. Өзі кінәлі болар? деген не сөз? Біздің елде тіпті бала зорлаған педофилді де, өлтірмейді ғой. Бұл сонда қылмыскерді ақтау ма? Әрбір ер азамат қыз баланы көргенде өз қызындай, өз қарындасындай қорғаса, аяласа дейсің. Әйелді гүл ететін де, күң ететін де, еркектер. Бәрі сіздердің қолдарыңызда. Әйелдерін баптап гүл етіп отырған ер азаматтарымыз, арқа сүйер Ақ патшаларымыз аман болсын. Негізі жақсы жігіттеріміз көп енді одан да, қатары көп болсын деп тілейміз!”,-деді ол жазбасында.