Әнші Роза Әлқожа үлкен ұлын үйлендіріп, той жасады
Роза Әлқожаның тұңғышы Бейбарыс Қаба шаңырақ көтерді
Үйлену той Алматы қаласындағы қымбат мейрамханаларының бірінде өткен, деп хабарлайды KYN.KZ.
Роза Әлқожаның қуанышына барша жақын туған-туыстары мен бірқатар шоу-бизнес өкілі келіп ортақтасты. Олардың арасында Гүлзира Айдарбекова, Сәкен Майғазиев, Мирас пен Құралай, Нұрболат Әбдуллин, Төреғали Төреәлі, Әділет Жауғашар және тағы да басқалар болды. Өнер иелері дүбірлі тойда қонақ қана болып қоймай, жиналған көпшілікке өнерін де паш етті.
Айта кетерлігі, Роза Әлқожа келінін көпшілік алдына өзі әндетіп алып шықты. Ерекше отбасылық сәттің видеосы бірден желіде тарап кетті.