“Жүз ұл қыздарымның тырнағына татымайды”: Айсәуле Бақытбек ұлды болуға кеңес беретіндерге жауап айтты
Блогер биыл екінші қызын дүниеге әкелген еді
"Сізге де енді ұлды болу керектігі жайлы айтады ма?", - деп сұрады желі қолданушысы блогерден, деп хабарлайды KYN.KZ
Ал Айсәуле Бақытбек екі мұрагері барын айтты. "Иә. Маған қыздарымнан артық ешкім жоқ. Олар - әлемдегі ең керемет жаратылыс. Алла өзі сыйлаған қыздардан кейін қалай басқа нәрсе сұрауға болады? Жүз ұл қыздарымның тырнағына татымайды.
Егер менде таңдау мүмкіндігі болса, қайта-қайта қыздарымды таңдар едім. Мен қыздарым тегін жалғастыруға лайық деп санаймын. Біздің бір емес, екі мұрагеріміз бар. Құдайға шүкір", - деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында.