Елімізде жаңа қала пайда болмақ
Алматы облысындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қалаға айналмақ
Тиісті президент жарлығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қалаға жатқызылсын. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға "Алатау" атауы берілсін”, – делінген президент жарлығында.
Президент үкіметке облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Жетіген ауылы Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырымдай жерде орналасқан. 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 15 мың адам тұрған.