Салтанат Нүкенованың мәйтіне жасалған сараптама нәтижесі 1 айдың ішінде дайын болады-ІІМ
- kyn.kz
- 16 қараша, 2023
- 3.0k
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза болған Салтанат Нүкенованың мәйітіне жасалған сот-медициналық сараптама нәтижесі бір айдың ішінде дайын болады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Қанат Қожаев мәлімдеді.
«Нүкенованың мәйіті жерленгенге дейін барлық қажетті сараптамалар алынған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бір ай көлемінде шығатын болады»,- деді министрдің орынбасары.
Ал Нүкенованың інісі әпкесінің өлімін «аса қатігездікпен жасалған қылмыс» деп бағамдады. Әрі ол қылмыс толық ашылмай қала ма деп алаңдап отыр. Дегенмен істі бұрмалап, жылы жауып қоятын болса мәйіттің суреттерін жариялайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 9 қарашада жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталып 2 айға қамауға алынған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024