Прокурорлар Екібастұз жылу электр орталығының экс-басшыларын бас бостандығынан айыруды сұрап отыр
- kyn.kz
- 17 қараша, 2023
- 803
Прокурорлар жылу электр орталығының бұрынғы басшылығын жаппай бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Былтыр осы уақыттағы 30 градус аязда жылусыз қалған қаладағы коммуналдық апатқа жауапты деп танылғандар бойынша сот аяқталып қалды. Автор: Саят Дәулетжанұлы 16.11.2023 Демографтар мен генетиктер халық саны алдағы уақытта көбейеді деп болжап отыр «Қыз зорлады». ІІМ бірінші басшылары әріптесінің әрекетіне ұялып жүр Прокуратура Жылу электр орталығының бұрынғы басшысы Павел Мельничукті 5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.
Сонымен қатар -осы орталықта лауазым иесі болған Виктор Веберге де осындай жаза сұрайды. Қылмыстық іс бойынша жауапты үшінші тұлға, Экібастұз жылу жүйелері Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы басшысы Евгений Горват 2 жарым жылға қамалсын дейді. Іс материалдары бойынша бұл үшеуі жылу маусымының алдында орталықтың және жылу жүйелердің дайындығын жіті тексермеген.
Тозығы жеткен құрылғылар болса дадайын деп, құжаттарға қол қоя салғанын тергеу анықтапты. Естеріңізге салсақ, былтыр қарашаның 27- сі күні Екібастұз жылу электр орталығында төрт бірдей қазандық істен шықты. Сақырлаған аязда бірден суыған құбырлар жарылып, қаладағы 149 көпқабатты, 114 жер үй мен 15 әлеуметтік нысан жылусыз қалды. Апаттың зардабын қала тұрғындары әбден тартты. Қазандықтар жөнделгенімен, үйлерде жарылған құбырларды ауыстыру ұзаққа созылған.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024