Қоғам

АҚШ-та екі жатыры бар әйел егіз көтерді

Дәрігерлердің айтуынша, бұл сирек кездесетін жүктілік

32 жастағы Келси Хэтчер "uterus didelphys" немесе екі жатыр деп аталатын сирек кездесетін жатырдың аномалиясымен дүниеге келген, деп хабарлайды KYN.KZ.

Оған 2022 жылдың көктемінде жүкті екенін білген кезде диагноз қойылған. Оның үстіне әр ұрық бөлек жатырға біткен.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл құбылыс әйелдердің шамамен 0,3%-ында кездеседі. Бұл аномалия әйел эмбрионында дамудың ерте кезеңдерінде, шамамен жүктіліктің сегізінші аптасында қалыптасады.

"Екі аналық безде бір уақытта овуляция болғаны таңқаларлық",-дейді Доктор Хейли Миллер.
Хэтчер екі баласын дүниеге әкелуге дайындалып жатса, дәрігерлер де оны босандырып алуға қосымша қызметкерлер дайындап жатыр. Екі жатыры және екі жатыр мойны бар әйелдер босану кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін.

"Мен екі жатыр және екі жатыр мойыны бар көп адамға күтім жасадым. Екі жатыр мойны және екі жатыры бар әйелді босандыру қиынға соғады. Нәрестелер тіпті бірнеше сағат немесе күн аралығымен туылуы мүмкін. Өйткені жатырлар бір-бірінен тәуелсіз жиырылады",-деді Доктор Хейли Миллер.
Хэтчердің дәрігерлері кесар тілігі мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. Дегенмен бұл жағдайда қан көп жоғалтуы мүмкін. Себебі әр жатырды бөлек кесуге тура келеді.