1xadv

Аида Балаева Ресейдегі қазақ зиялыларына көмектесуге уәде берді

Зиялылардың шығармашылығымен қазақстандықтардың да танысуға мүмкіндігі бар

Деловой Казахстан

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ зиялыларымен кездесті, деп хабарлайды KYN.KZ.

16-18 қараша аралығында Санкт-Петербургте IX халықаралық мәдени форумы өтіп жатыр. Онда 70-тен аса мемлекеттің делегациясы мәдениет пен өнер саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселесін талқылайды.

Форум аясында Аида Балаева өмірі мен шығармашылығы Қазақстанмен тікелей байланысты қазақстандық және ресейлік мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесті. Іс-шараға музыканттар, әншілер, режиссерлер, актерлер, қаламгерлер, мүсіншілер мен суретшілер қатысты.

Жиын басында министр әнші Әлия Кикеноваға «Шапағат» медалін табыстады. Кездесу барысында Аида Балаева Ресейде тұратын қандастарымыздың Қазақстан қалаларының сахнасында өнер көрсетуіне және олардың шығармаларын қазақ оқырмандары арасында кеңінен насихаттауға көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Loading...