Маңғыстау облысында әйел адам тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдап кеткен
Облыстық полиция бөлімшесіне 250 арыз түскен
Тұрғындар арбау жолымен елдің ақшасын жинап алған әйелге шағымданған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Нұргүл есімді келіншек көпшілікке Қытайдан төмен бағамен ыдыс-аяқтар жеткізіп беруге уәде берген. Алайда бәрінің ақшасын алып, қыз-келіншектерді сазға отырғызған.
Ол өз жоспарын жүзеге асыру мақсатында Whatsapp желісінде топ ашып, Қытайдан төмен бағадан ыдыс-аяқ жеткізетінін айтқан. Келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгені құрайды.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің "аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел қамауда алынып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.