Бекболат Тілеухан Назарбаев туралы ойын айтты
Экс-депутат осы туралы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында сұхбат берді
«Ұлы қадамдарды паш етпесек ұят болады». Бекболат Тілеухан Назарбаев туралы пікірін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Экс-депутат, Бүкіләлемдік этно-спорт конфедерациясының вице-президенті Бекболат Тілеухан Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы ойын айтты.
"Назарбаевтың 30 жыл басқарған кезінде қаншама депутат, министр болды. Соның астауынан жем жеген адамдар болды, соның қолымен кәдімгі мансапқа жеткен адамдар болды. Солардан ешкім шықпағанда, ар жағында менің ойым ғой, "мына қазаққа не болған, 30 жылдың ішінде қорғайтын бір адам табылмады ма?" деген сөз болмасын деген оймен шықтым, әйтпесе менің саясатқа түк қатысым жоқ. Өтірік айтқан жоқпын. Назарбаевтың саяси тұлғасы, сыртқы саясатқа жасаған дүниесін Қазақстаннан басқа ешкім істеген жоқ. Ұлы қадамның барлығын паш етпесек ұят болады. Мен сол үшін шықтым. Ал енді басқа айтып жатқандар "7 сыныптық білім алды" деп жала жапты. Қиянат жасады, олай қиянат жасауға болмайды, - дейді ол.