Қоғам

Еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 20 қараша күнгі ауа райын болжады

Бүгін Алматыда жаңбыр болады, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ. 

Астанада синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы -3 градусқа дейін жетіп, түнде -12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,0 м/с болады. 

Шымкентте бүгін күн аздаған бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 19 градусқа дейін жетіп, түнде 5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с деңгейінде болмақ.