Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Блогер Мерей Әбілова дүркіретіп үйлену тойын жасады

Блогер Мерей Әбілова дүркіретіп үйлену тойын жасады
https://instagram.com/abilovva_m
Мерейдің таңдауы Димаш Қашкен есімді футболшы жігітке түскен

Мерей Әбілова өміріндегі ең маңызды күннің қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ.


Ол желіде видеоларын бөлісіп, оқырмандарын барынша хабардар етуге тырысқан. Блогер арудың үйлену тойы Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен. Үлкен тойға дейін жастардың некелесу салтанаты болды. Оған жас жұбайлардың ет-жақындары ғана қатысқан. 

Мерей Әбілова той күні екі көйлек ауыстырды. Ол өзінің қалыңдық образдарын жеке парақшасында паш еткен. Блогер ару үйлену тойы нағыз ертегідей өткенін айтты. 

“Нағыз ертегідей болды. Тойда отырып, Аллаға алғыс айттым", - деп жазды Мерей.

Сондай-ақ үйлену той кезінде жас жұбайларды әйгілі Jah Khalib келіп құттықтап қайтқан. ТМД елдерінде аса танымал әнші оларға ақ тілегін жолдап, хит әндерін орындап берген. Ал тойдан кейінгі отырысқа жастарды құттықтап Raim келді.

Ұқсас жаңалықтар