Атыраулықтар 1 миллиард 267 миллион теңгеге 39 үй сатып алмақ
Қалалық құрылыс бөлімі әр екі бөлмелі үйді сатып алуға 27 750 000 теңге бөлген
«Атырау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3-қарашада жалпы құны 1 миллиард 267 миллион теңге болатын екі тендер жариялады, - деп хабарлайды KYN.KZ.
«Атырау қаласынан 2 бөлмелі пәтер сатып алу» деген атаумен жарияланған бірінші мемлекеттік сатып алудың құны - 527 250 000.00 теңгеге бағаланған. Бұл қаржыға екі бөлмелі 19 үй сатып алынбақ. Қалалық құрылыс бөлімі әр екі бөлмелі үйді сатып алуға 27 750 000 теңге бөлген.
Ал, екінші тендер дәл сол күні «Атырау қаласынан 3 бөлмелі пәтер сатып алу» деген атаумен жарияланып, 20 үй сатып алуға шешім шығарылған. 20 үй алуға облыстық бюджеттен 740 000 000.00 теңге жұмсалмақ. Яғни, құрылыс бөлімі екі бөлмелі 19 пәтердің әрқайсысын 27 750 000 теңгеге, үш бөлмелі 20 пәтердің әрқайсысын 37 000 000 теңгеге сатып алмақ.
Жалпы 39 үйді сатып алуға бағытталған екі тендердің құны 1 миллиард 267 миллион теңгені құрайды.