Жақында ғана ұлы үйленген Роза Әлқожа ене болған қандай екенін айтты
Өнер иесі бүгінде барлық үй шаруасын толығымен келініне тапсырған
Роза Әлқожа Instagram желісінде жазба жариялап, көпшілікке келін алған қандай екенін бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Неше күнгі шаршау басылып, қыздармен құт қалтаға келдік. Келін алған жақсы екен. Қазанды ошағымен, үйді балалармен бірге Әсеміме тапсырдым", - деп қысқа қайырды әнші.
Айта кетейік, жақында Роза Әлқожа тұла бойы тұңғышы Бейбарыс Қабаны үйлендіріп, үйіне келін түсірді. Сері жігіттің таңдауы Әсем есімді аруға түскен.