Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлымды зорламақ болған: Сарбаздың анасы әскердегі ұдының көрген қорлығын айтып жұртты жылатты

Ұлымды зорламақ болған: Сарбаздың анасы әскердегі ұдының көрген қорлығын айтып жұртты жылатты
https://www.ktk.kz
Азаматтық борышын өтеуге барған жігітті әскерилер қорлаған

Тараздық жас сарбаздың анасы баласын әлімжеттіктің құрбаны бола ма деп қорқады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Өйткені борышын өтеуге кеткен жігітті әскерде ұрып-соққан. Осыдан кейін араша сұрап Астанаға аттанған ананың өтініші бойынша сарбаз Тараздағы әскери бөлімге ауыстырылған. 

Алайда әлімжеттік әлі де тоқтамапты. Тіпті жақында жас сарбазды Астанадағы әскери госпитальға жөнелткен. Сондықтан әскерге сау аттанып сырқат атанған баланы үйге қайтаруды талап етуде. Гүлмира Ұзақбаеваның ұлы 10 қазанда Астанадағы десант-шабуылдау бригадасына әскери борышын өтеуге аттанған.Арада небәрі төрт күн өткенде Жасұлан Ұзақбай анасына хабарласып, сержанттардан қорлық көріп жатқанын айтқан. 

«Тіпті ұлымды зорламақ болған» дейді анасы. Осыны ести сала әскери бөлімге аттанған ана баласымен арнайы кездесіп, Жасұланның таяқ жегеніне көз жеткізіпті.

“Басын сипағанымда төрт ісік шықты. Құлағының үсінде аяқтың ізі болды. Әскери полицияға арыз-шағым жаздық. Сонымен екі сержантты шақырттық, екі сержант мойындады. Біреуі балағаттадым, біреуі жай белдікпен ұрдым деп мойындады. Баламның арқасында ісіген жері бар, көгерген”,-дейді Гүлмира Ұзақбаева.

Бұл жағдайдан кейін әскери бөлім басшылығы анасының өтінішімен сарбазды Тараздағы әскери бөлімге ауыстырған. Алайда әлімжеттік мұнда да жалғасқан. Көпбалалы ананың жалғыз тілегі — үйден сау болып кеткен баласының амандығы.

«Астанада асылып қалмадың ба, кі ай ғана өмірің бар, екі айдан кейін өмірге келгеніңе өкінесің» деген. Сонымен баламды анда сүйрейді, госпитальге апарды, МРТ түсірдік, басында ісігі бар деді. Жұлын мен мидың ортасында. Невропатолог бала екінші рет соққы алмасын деді”,-деді Гүлмира Ұзақбаева.

Ал өңірлік әскери штаб өкілдері бұл оқиғадан хабардар. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери полициямен сарбазды ұры- соғу деректері расталмаған. Бүгінде «Әскери борышын өтеуге құлықсыз» деп танылған курсанттың психологиялық жай-күйі тексеріліп жатыр екен. 

“Әскерге шақыртылған Жасұлан Ұзақбайдың әскери борышын өтеуге ниетінің жоқтығы бастапқы күннен-ақ байқалған. Қазір оның психологиялық жай-күйін анықтау үшін әскери госпитальге жіберілген. Ұрып-соғу мен психологиялық қысым көргені туралы шағым бойынша әскери полицямен тексеріс жүргізді. Мұндай деректер расталмады”,-деді Дина Мухаринова, ҚР ҚК «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі.

Гүлмира Ұзақбаева мұндай жағдай болмағанда,бүгін ұлым әскери ант қабылдауы тиіс еді деп налиды. Ол госпитальде жатқан ұлынан әзірге хабар алмаған. Жалғызбасты ана елордаға жете алмай жүр. Ал емдеу мекемесіне туыстарын кіргізбейді. «Әскерге барып әлімжеттік көрдім» деген Жасұлан Ұзақбайдың сарбаздар сапында қалу-қалмауы медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Ал баласына араша сұраған ана қандай да бір хабар болады деген үмітпен әскери комиссариаттың есігін торуылдап жүр.

Ұқсас жаңалықтар