Мемлекет басшысы осы аптада Минск пен Бакуге барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада екі елге барады
23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Ал 24 қарашада мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады.
Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) қызметі бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, ұжымдық негізде мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға бағытталған. ҰҚШҰ құрамына қазір Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.
БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикаларына арналған арнайы бағдарламасын (СПЕКА) БҰҰ 1998 жылы ҚР бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірледі. Қазір оны жүзеге асыруға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Ауғанстан қатысып жатыр.