Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда шойын қақпақ пен кабель сымдарын ұрлаған топ ұсталды

Ақтауда шойын қақпақ пен кабель сымдарын ұрлаған топ ұсталды
Zakon.kz
Бес адам шойын қақпақ пен кәріз станциясының кабель сымдарын ұрлаған

Ұрылардың жас ерекшелігі де әртүрлі. Ең ересегі қырыққа таяп қалса, кішісінің жасы жиырмада екен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Олар Ақтау қаласындағы кәріз станцияларынан бағалы металл ұрлап сатумен айналысқан. Осы арқылы күдіктілер 105 миллион теңге шығын келтірген. Қазір бесеуі де уақытша тергеу абақтысына жабылып, қылмыстық іс қозғалды.

"Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 20, 21, 22 және 39 жастағы бес күдіктінің жеке басын анықтап ұстады. ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды",-деді Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар