Аталған іс бойынша сот отырыстары жабық өтуде
Әлтаевтың адвокаты Гүлшат Дүйсенованың айтуынша, прокурор 12 жылдан бөлек, Әлтаевты өмір бойына лауазымды қызмет атқаруға тыйым салуды сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Елімізде ресми тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев биыл маусымнан бері қамауда отыр. Ол «аса ірі көлемде пара алды» деген күдікке ілінген. Нақтырақ айтсақ, антикор Әлтаевты 2018-2020 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және Мәжіліс депутаты болған кезінде кәсіпкерлердің мүддесін қорғап 50 миллион теңге пара алған деп айыптап отыр.
Алайда депутат бүгінге дейін сот отырыстарында өзіне артылған кінәні мойындаған емес. Аталған іс бойынша сот отырыстары жабық өтуде.