Саясат

Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Алтаев 10 жылға сотталды

Оппозициялық саясаткерге “аса ірі көлемде пара алды” деген айып тағылды

Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Тергеу мәліметтері бойынша, Әлтаев Абылай Мырзахметовтен («Атамекеннің» бұрынғы басшысы) делдал арқылы 115 мың АҚШ доллары және 8 миллион теңге көлемінде пара алған.

Нұржан Әлтаев 2019-2020 жылдары "Нұр Отан" партиясының атынан парламент мәжілісінің депутаты болған. Кейіннен өзі жаңа партия құратыны туралы айтқаннан кейін мандатынан айырылып, партиядан шығарылды. Оның оппозициялық «Ел тірегі» партиясын әділет министрлігі бірнеше тіркемей қойған.