Қоғам

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша бас прокурор түсініктеме берді

Бас прокурор Берік Асылов Үйлестіру кеңесінде қылмыстық іске қатысты пікір білдірді

Бас прокурор Берік Асылов Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іске қатысты ойын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Ағымдағы жылы отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін қамауға алу мерзімі ұлғайтылды, тараптарды қайта татуластыруға тыйым салынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының арыз-шағымдарына жауап беру бойынша полицияның жұмысы қайта құрылды. Нәтижесінде, үшінші тоқсанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған отбасылық жанжалдардың саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін өсті», - деді Бас прокурор.
Сондай-ақ, Берік Асыловтың мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 80 адам кісі өлтіргені және ауыр зақым келтіргені үшін сотталған.

«Жақында Астанада Салтанат Нүкенованың өлтірілуі интернет кеңістігін дүр сілкіндірді. 150 мыңға жуық қазақстандық отбасылық - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы петицияға қол қойды», - деп түйіндеді Бас прокурор.
9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде ауыр дене жарақатының салдарынан Салтанат Нүкенова қайтыс болды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаев ұрып-соғуға күдікті болғанын хабарлаған болатынбыз. Ал оқиға орнына келген қалалық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлері 1992 жылы туған әйелдің өлімін растады.

11 қарашада Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте Салтанаттың қоштасу рәсімі өтті. Кейіннен қайтыс болған тұлғаның бұрынғы қала әкімі Қайрат Нүкеновке жиен болғаны анықталды.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға, сондай-ақ Нукенова қайтыс болған «Гастро-орталықтың» директоры да қамауға алынды. Ол қылмысты жасырды деп күдіктенеді. Сонымен қатар Салтанаттың туыстары Қуандық Бишімбаевты жауапкершілікке тартуды талап етеді.

15 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесіп, экс-министр Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты істі ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

«Заң бәріне бірдей болуы керек. Қоғамдағы әділеттілік-бұл азаматтардың заңдылықты нығайту жолындағы ынтымақтастығы. Әділ Қазақстан-Заң мен тәртіп орнаған ел» , - деді Президент.
14 қарашада полиция кісі өлтіру орын алған мейрамханадағы бақылау камераларынан материалдарды тартып алған. Қыздың қайтыс болу фактісі бойынша төрт қылмыстық іс қозғалды - 99-бап «кісі өлтіру», 434-бап «қылмыс туралы хабарламау», 119-бап «қауіпте қалдыру» және 432-бап «қылмысты жасыру».

19 қарашада Салтанат Нүкенованың отбасы мәлімдеме жасап, қазақстандықтарға жүгінді.