Қоғам

Алматыда жас жігіт тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап, қайтыс болды

22 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 19 қараша күні таңғы сағат 07.00 шамасында болған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Алматы полиция департаменті 2001 жылы туған жігіттің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталуда, - делінген хабарламада.