Елімізде адам аңдығандар жазаланбақ
Бас прократура адамды аңду әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынды
Бұл туралы бас прокуратура жанындағы үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Қазір әйелдер осы ер адамдар тарапынан аңду әрекетімен жиі бетпе-бет келуде", – деді бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.
Оның айтуынша, мұндай әрекеттер үшін Германия, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Норвегия, Польша, Молдова, Голландия және Үндістанда қылмыстық жауапкершілік енгізілген.
"Біздің елде бұл үшін тіпті әкімшілік жаза да қарастырылмаған, менің ойымша, бұл мәселені зерттеп, заң жобасы аясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті толықтырулар енгізуді пысықтау қажет", – деді Әбішев.