Мәдениет

Белгілі әзілкеш Жанболат Найзабековке концерт алдында имам дем салды(фото,видео)

"Өнер қырандары" театрының әртісі алдағы уақытта жоспарланған 4 концертке қатыса алмайды

Өнер иесі дәл сахнаға шығар алдында белі ауырып, жедел жәрдем шақыртқан, деп хабарлайды KYN.KZ.

Жанболат Найзабековтың сырқаттанып қалғаны туралы "Өнер қырандары" театрының ресми Instagram парақшасынан белгілі болды. Театр өкілдері әртістің ауырып қалған сәтінен видео жариялап, оның алда болатын шараларға қатыса алмайтынын хабарлады. Бейнежазбада Найзабековты жедел жәрдем ауруханаға алып кеткенін көріге болады. Сонымен қатар концерт алдында әртіске имам келіп дем салған.

"Көз тидіма, сөз тидіма? Жанболат аға алдағы төрт күн концертке шыға алмайды. Концертіміздің алғашқы сеансында белінің тамыры тартылып ауырып қалды. Содан жедел жәрдем шақыртып, емханаға барып укол салдыртып қайтты. Келесі күнгі сеанстың алдында белі тағы ауырып қалды. Содан Ақтөбе қаласы Родниковка аулының мешіттің имамы Айбек ұстазымыз кешімізге келіп қалған екен. Сол мүмкіндікті пайдаланып ұстазымызды шақыртып Жанболатқа дем салды", – деп жазды театрдың жеке парақшасының админі.

Сонымен қатар "Өнер қырандары" Жанболат Найзабековке дем салған имамға кіші қажалыққа жолдама сыйлады.