Иркутск соты бұған дейін 83 адамды өлтіргені үшін сотталған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Оның ішінде екі рет өмір бойына бас бостандығынан айырылған «ангар маньягі» Михаил Попковқа қатысты төртінші үкімді шығарды. Жаңа іс бойынша, оның жазасына тағы 10 жыл қосылды.
«Попковқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Иркутск облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ол Ресей федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 2-бөлігі «а» тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша айыпты деп танылды.
Тергеушілер мен сот оның 1997 жылы Иркутскінің Жилкино ауылында 27 жастағы әйелді өлтіруге қатысы бар екенін дәлелдеді. Ол сондай-ақ 1998 жылы Иркутскідегі Ангар өзенінің жағасында 25 жастағы әйелді, 2003 жылы Иркутскінің Ново-Ленинск зираты аумағында 31 жастағы әйелді марқұм еткен. Маньяк екеуін буындырып өлтірсе, үшіншісіне көптеген пышақ жарақатын салған.
Попков Ангар қаласының ішкі істер органдарында 1998 жылға дейін жұмыс істеп, сол жылы шығып кеткен. Экс-миллионерге өмір бойына бас бостандағынан айыру туралы алғашқы жаза 2015 жылы тағайындалды. 2018 жылдың желтоқсанында сот оны екінші рет өмірінің соңына дейін қамауда ұстау үкімін шығарды.
Психологиялық-психиатриялық талдау қорытындысына сәйкес, Попковтың қылмыс жасауына гомицидомания, яғни адам өлтіруге деген құмарлық себеп болған. Соған қарамастан ол ақыл-есі дұрыс деп танылды.
2020 жылдың шілдесінде Тергеу комитеті экс-миллионер тағы екі адамды өлтіргенін мойындағанын хабарлады, 2021 жылы сот оны тоғыз жыл сегіз айын абақтыда өткізу үкімін шығарды.
2022 жылы Попков Иркутскіде тағы да үш әйелдің өліміне қатысы бар екенін мәлім етті. Ол Мордовиядағы қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өмір бойына белгіленген жазаны өтеп жатып, кінәсін мойындап хат жазған.
Попков ең қанішер маньяк деп танылды. Ол «ростов маньягі» Чикатилодан да көп адам өлтірген.