Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, мегаполистегі инфекциялық стационарлар қызылша ауруының өршуіне байланысты 90,3 пайызға толды, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшамен ауыратын балаларды емдеуге арналған 280 төсек-орны бар жеті бөлімше (оның ішінде 12 төсек реанимация бөлімшесінде) орналастырылған. Саялы филиалындағы бір бөлімше, Байзақов көшесіндегі стационарда және Апорт филиалында үш бөлімшеден бар. Резервке 40 төсек дайындалған»,- деп хабарлады ведомстводан.
С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына да 120 қосымша төсек қойылды, оның ішінде 108 кереует бос емес.
Басқарма өкілдері, қалада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлайтын болса, мемлекеттік клиникалық аурухананың филиалдарында қосымша төсек орындары ашылатынын атап өтті.
Жалпы қазан айында ел ішінде қызылшаның өршуі байқалған.
Қазір бұл инфекцияны 14 мыңнан аса адам жұқтырғаны белгілі.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024