Алматы облысында 11 жастағы оқушы суицид жасады. Жамбыл аудандық әкімдігі баланың өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Полиция аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бала Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде оқыған. 6 сынып оқушысының суицидке баруының себебі белгісіз.
«Бұл оқиға демалыс күні баланың отбасында болған. Мектеп оқушысы толық отбасынан шыққан. Мектептен ешқандай қысым көрмеген, оқу үлгерімі де жақсы. Ата-анасының екеуі де жұмыс істейді. Әкесі жедел жәрдем қызметінде, анасы да медицина саласында. Баланың қысым көргені жайлы ақпарат жоқ, аранйы тергеп-тексеру жүріп жатыр. Неге бұндай қайғылы жағдай орын алғаны түсініксіз. Сенбі күні кешкі уақытта орын алған», - деді Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ал Алматы облысының әкімдігі қайғылы жағдайға душар болған отабасына жан-жақты қолдау көрсететіндерін айтты. Жалпы Алматы облысында өз өмірлерін қиятын балалар саны азаймай тұр.