Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өтірік коуч, мотиватор,бизнес-тренер":Қазақстанда "инфосығандарға" қарсы петиция пайда болды

"Өтірік коуч, мотиватор,бизнес-тренер":Қазақстанда "инфосығандарға" қарсы петиция пайда болды
https://rostov-logist.ru/
Петиция авторлары аңқау елге арамза молда болған "бәдіктерді" заңмен жауапқа тартуды ұсынды

Қазақстанда "инфосығанға" қарсы онлайн-петиция іске қосылды. Құжат авторлары билікті блогерлерге пайдасыз курстарды сатқаны үшін жазаны қатаңдатуға шақырады, деп хабарлайды,  KYN.KZ тілшісі Ulysmedia.kz басылымына сілтеме жасай отырып.

Петиция авторлары бүгінде республикада блогерлер мен инфлюэнсерлердің ықпалы артып келе жатқанын, сол себепті жалған сарапшылар көбейіп, қазақстандықтарға пайдасыз курстар сататынын айтқан.

Олардың айтуынша, "инфосығандар" өздерін бизнес-тренер, коуч және мотиватор ретінде көрсете отырып, халыққа әдемі өмір, рухани жаңғыруды насихаттайды. Осылайша өзгелерді өздерінен үлгі алуға шақырады. Оған қоса олардан курс, гайд немесе кітап сатып алу арқылы қол жеткізуге болатын аспа-төк "мол табысты" уәде етеді.

Авторлар ондай курстардың шын мәнінде практикалық тұрғыда ешбір құндылығы жоқтығын атап өткен.

– Бұл адамдар өздерін сарапшы ретінде көрсете отырып, пайдасыз ғана емес, сонымен қатар шындыққа сәйкес келмейтін және тіпті зиян келтіретін ақпаратты насихаттайды. Сонымен қатар біздің елімізде "инфосығандықтың" кең таралғаны соншалық, елге берері бар мықты сарапшылар тасада қалып жатады, – оделінген Alash.online. сайтында жарияланған петиция мәтінінде.

Атамыш петиция авторлары пайдасыз ақпараттық өнімдерді таратып, сатуға байланысты тиісті шаралар қолдануды, сондай-ақ осы мәселе бойынша халықты құлақтандыру үшін заңнамалық шаралар қабылдауды талап етеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Білім беру» курстарын сатқаны үшін блогер Аяз Шабутдинов ұсталған.

Блогер Аяз Шабутдиновтың әлеуметтік желілерде екі миллионға жуық аудиториясы бар. Ол Пермь өлкесінде дүниеге келген.

Өзінің сайты бар, онда ол  Like Центр – "кәсіпкерлерге арналған технологиялық білім беру компаниясының" негізін қалаушы екені көрсетілген.

Ол өзін инвестор және миллиардер деп атайды. Алайда әлеуметтік желілерде оған "инфосыған" деп айдар тағушылар көп.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар