"Айлығым 122 мың": Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей айлығы аз сүйікті жұмысының қандай екенін айтты
Өнер иесі дубляждағы қызметі үшін аз алса да, сол жұмысын жақсы көретінін жасырмады
Қайрат Әділгерей "Мархабат" бағдарламасында қонақта болып, дубляж саласына деген ерекше махаббаты туралы айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Сөзінше, бұл жұмыста тапқан ақшасы өте берекелі екен. Бүгінде актерлікті қатар алып жүрген әзілкеш таңдау берілген жағдайда әрқашан дубляж саласын таңдайтынын жеткізді.
"Менің қара шаңырағым - дубляж. 2024 жылы осы салада жүргеніме 19 жыл болады екен. Осы салада ізімді қалдырғым келеді. Дубляжға әлі де берерім бар. Жүрегіме жақын сала осы. Мен көбіне үлегремей жатамын. Егер маған бағдарлама жүргізу немесе дубляж деген таңдау берілсе, мен дубляжды таңдап кете берем. Осындай дегем махаббатым бар. 122 мың теңге айлығы бар жұмысымды жақсы көремін. Негізі 122 мың теңге, кейде көп болып жатса 140 мыңға дейін барады. Бірақ бұл өте берекелі ақша. Оның жұмсалатын өз жерлері бар", - деді актер.
Сондай-ақ Қайрат Әділгерей отбасылық мәселелерді қалай шешетінін айтты.
“Әйелім ұрысып жүреді. Мен үндемеймін. Сосын үш күнге жоқ болып кетем. Қабылдаса қабылдады. Қабылдамаса тағы үш күнге кетіп қалам. Мәселені солай шешеміз. Басында гүл алып келетінмін. Бірақ гүл ештеңе шешпейді. Балалар үлкейген кезде көп ұрыспайды екенсің. Біраз ақыл тоқтатасың. Бәрін даналықпен шешіп кете бересің", - деді ол.