Мәдениет

Алтынай Жорабаева марқұм қайын атасының немересін көріп үлгермегеніне өкінішін жеткізді

Өнер иесі марқұм қайын атасын есіне алып, желіде оған жазба арнады

Алтынай Жорабаева күйеуінің әкесіне арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Эстрада жұлдызы қайын атасының батасын алғанына бақытты екенін жеткізді. 

“Бүгін асқар тау әкеміз тірі болғанда 72 жасқа толар еді. Аллаға шүкір, батасын алғаныма бақыттымын. Әрине, немересін көргенде ғой деп те ойлайды екенсің. Бір кем дүние. Алла жаныңызды жәннаттан етсін, әке", - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева бірінші күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаннан кейін Әлішер Есенғазин есімді азаматпен танысып, 2020 жылы екінші мәрте тұрмысқа шықты. Әншінің бірінші некеден төрт қызы бар. Қазіргі уақытта ол бесінші сәбиін күтіп жүр.