Қоғам

Алматыда бұзақы әйгілі спортшы Денис Теннің ескерткішін бүлдіріп, қабырғасына жазба қалдырған

Онда ол өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазған

Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Әлеуметтік желіде Денис Теннің бүлінген ескерткіші бейнеленген видео пайда болған еді. Бейнежазбадан мемориалдың беткі қабаты қара жазумен шимайланып, бейәдеп сөздер жазылғанын көруге болады.
Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам психоневрологиялық есепте тұрады.

Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Ұсталған адам психикалық денсаулық орталығына орналастырылды, - деп хабарлады құқық қорғау органдары.