Қоғам

«Қазақмыстың» Жезқазғандағы жез байыту зауытында жұмысшы қайтыс болды

Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтауда

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмысшы конвейер механизмге қысылып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.

Қараша айының басында да «Қазақмыстың» Шығыс Жезқазған кенішіндегі N57 шахтасында жұмысшының қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.

БАҚ-тағы статистикаға сүйенсек, соңғы 10 жылда Қазақмыс кәсіпорындарында 35-ке жуық адам қаза тапқан.