Тоқаев ҰҚШҰ кеңесінде: «Палестиналықтарға мемлекет құру құқығын беру керек»
Ауғанстандағы ахуалды да назарға алып, ауған халқына көмек көрсетуге шақырды
Тоқаев Бакудегі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында Таяу Шығыстағы уақытша бітім жасау туралы келісімді құптайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Біз әуел бастан қақтығысушы тараптардың гуманитарлық үзіліс жариялауы керек екенін айттық. Олар осы уақытты қалыптасқан жағдайды реттеудің ұзақмерзімді шараларын әзірлеуге пайдалану үшін бар күш-жігерін жұмсауы қажет. Бұған қоса, БҰҰ аясында палестиналықтарға «Екі халық үшін екі мемлекет» формуласына сай толыққанды мемлекет құру құқығын берген жөн. Осындай қиын жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын мүлтіксіз орындап, халықаралық құқық нормаларын сақтау маңызды», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол Ауғанстандағы ахуалды да назарға алып, халықаралық қауымдастықты ауған халқына көмек көрсетуді жалғастыруға шақырды.