Спорт

Нұралыға «Манчестер Юнайтед» қызығып отыр

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп ағылшын клубының назарына іліккен

Словенияда өткен соңғы матчқа арнайы скауттарын жіберген де екен, деп хабарлайды KYN.KZ.

Оған сәйкес «Манчестер Юнайтед» қорғанысқа лайықты адам таппай, қатты қиналып жатыр. Өйткені Рафаэль Варан жарақат алды. Ал Харри Магуайр мен Джонни Эванс сенімсіз. Оның үстіне Нұралы сол аяқпен өте сауатты өнер көрсетеді делінген. «Трансфермакет» порталы қазақстандық футболшыны 2 миллион евроға бағалап отыр. 

Айта кетейік, 23 жастағы Нұралы былтыр ақпан айынан бері ресейлік «Зенит» сапында ойнайды. Санкт-Петерборлық клуб оны алматылық «Қайраттан» 2 миллион еуроға сатып алған еді.