Қоғам

Автобусты тоқтатып, жолаушыларды құтқарған Ақжолға айфон сыйға тартылды

Ақжол әрекет етпегенде автобус үлкен жылдамдықпен тұрғын үйлерге кіріп кетуі мүмкін еді

Ақжол ондаған жолаушы мен бақылаусыз қалған автобус жүргізушісінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды KYN.KZ.

22 қараша күні болған оқиғада сегізінші сынып оқушысы Ақжолдың батыл әрекеті болмаса, басқарудан шыққан көп тонналық автобустың үлкен жылдамдықпен тұрғын үйлерге кіріп кетуі мүмкіндігі жоғары болатын. Бірақ бақытымызға орай, қайғылы жағдайдың алдын алды.
 

Қоғамдық көлік жүргізушісінің кенеттен жағдайы нашарлағанын көрген оқушы жүріп бара жатқан автобустың басқару салонына кіріп, тежегішті дер кезінде басып, көлікті тоқтатып үлгерген.

Ақжолдың осы ерлігіне Алматы облысы әкімдігі жылы лебіздерін білдіріп, батырдың анасы да сый тарту етті.

Іле ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде әкім жас батырды құттықтап, «Алғыс хат» пен iPhone 15 телефонын сыйлады. Ақжол №24 мектеп-лицейінің 8-сыныбында оқиды.

«Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жастарға үлгі болуы тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз!» – деді Алматы облысының әкімі.

«Егер сегізінші сынып оқушысының батыл әрекеті болмаса, басқарудан шыққан көп тонналық көлік үлкен жылдамдықпен тұрғын үйлерге кіріп кетуі мүмкіндігі жоғары болатын. Сонда оқиғаның салдары әлдеқайда ауыр болар еді. Бірақ, бақытымызға орай, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қоғамдық көлік жүргізушісінің кенеттен жағдайы нашарлағанын көрген оқушы жүріп бара жатқан автобустың басқару салонына кіріп, тежегішті дер кезінде басып, көлікті тоқтатып үлгерген», – деп хабарлады Алматы облысының әкімдігінде.