Қоғам

Ақмола облысында өрттен 3 бала қаза тапты

Ақмола облысының Целиноград ауданында тұрғын үй өртке оранды

25 қарашада Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды KYN.KZ. Өрт кезінде үш бала қаза тапты. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар бала мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.
Алты айлық сәби ғана аман қалды, деп жазды 716kz. Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.