Қоғам

Оралдық тұрғын басына кірпіш құлап, оқиға орнында көз жұмды

Oқиға 26 қараша күні сағат 14:35-те Назарбаев даңғылы бойында болды

Орал қалалық ІІБ баспасөз қызметінің дерегінше, №236 үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйелдің басына кірпіш түскен, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Оқиғаның себептерін тергеу тобы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері анықтап жатыр.

Оралда осыдан 6 жыл бұрын Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы үйдің кірпіші құлап, 64 жастағы зейнеткер ауруханада көз жұмған еді.