Қоғам

Павлодар шенеуніктері қаланы безендіруге арнайы техникаларға 100 млн теңге жұмсамақ

Арнайы техникаларға тапсырысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі берген

Павлодардың шенеуніктері мереке күндері қаланы безендіру үшін арнайы техникаларды алу мақсатында 97 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды KYN.KZ.

Мемлекеттік сатып алу порталында ашық жарияланған лотқа сәйкес, арнайы техникаларға тапсырысты Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі берген. Сатып алу әртүрлі іс-шара шеңберінде елдімекендерді, аудандарды және қаланы дайындау және безендіру қызметтері қамтиды.

Қалалық және мерекелік іс-шараларды өткізу барысында мамандандырылған техниканы пайдалану жөніндегі қызметтерге ерекше назар аударылады. Жарияланған жоспарлы сома 97 360 714,29 теңге.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім 30 қарашадан 15 желтоқсанға дейін қабылданады.

Техникалық сипаттамаға сәйкес, көзделген қаражат мерекелер кезінде қаланы ресімдеу процесінде тиімді пайдалануға арналған арнайы техниканы сатып алуға жұмсалады.