Қоғам

1 айда 3 адам қаза тапқан: «Қазақмысқа» тиесілі «Жайсаң» шахтасында тағы 2 кенші қаза болды

Ақпаратты компанияның баспасөз қызметі растады

Компанияның дерегінше, 27 қараша күні тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде 1981 және 2002 жылғы екі қызметкер ауыр жарақат алып, қаза тапқан, деп хабарлайды KYN.KZ.

Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

Кісі өліміне әкеп соқтырған оқиғалар «Қазақмыс» кен орындарында бұған дейін де бірнеше рет болды. Мәселен, 6 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында 1 адам мерт болды. Ал 22 қараша күні Жезқазған кен байыту фабрикасында тағы да 1 жұмысшы көз жұмды. Бұған дейін, «Қазақмысқа» қарасты «Жыланды» кенішінде конвейер опырылып, 6 қызметкер жарақат алғаны хабарланған еді.


«Қазақмыс» корпорациясының негізгі үлесі Forbes нұсқасы бойынша еліміздегі ең бай адамның бірі Владимир Кимге тиесілі.