Қоғам

Шымкентте ер адамды мектеп оқушылары өлтіріп кеткен

Оқиға салдарынан 39 жастағы ер адам мерт болды

Алтынай Айтқұлованың айтуынша, 9 қыркүйекте күйеуін базар маңында бір топ оқушы аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды KYN.KZ.

Салдарынан 39 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болды.  Марқұмның артында әйелі жесір, бес баласы әкесіз қалды. Балаларының үлкені 12-де болса, кенжесі 4 жаста екен.

«Бұл балалар қыздардың алдында өзін көрсеткісі келіп, сол жерде құлатып, быт-шытын шығарып кетеміз деген оймен істеген ғой. Жарты сағаттай төбелес болған. Тағы екі бала келген. Олай келмей тұрып күйеуімді ұрған. Төбесінен жұдырықтап ұрған. Сол жерде үлкен кісі ғой деп тастап кетсе болады ғой. Жоқ, бұлар жалғастырып ұрған, бір-біріне лақтырып, сүйреген», – дейді марқұмның әйелі.   

Оның айтуынша, күйеуі далада екі сағаттай жатып қалған. Марқұмның артында әйелі жесір, бес баласы әкесіз қалды. Балаларының үлкені 12-де болса, кенжесі 4 жаста екен. Сол күні ер адам жұмыстан келгеннен кейін сыра іздеп, қалаға шығып кеткен. Алтынай Айтқұлованың айтуынша, күйеуі ішімдікті жиі ішпейтін, тек арасында ғана ішкен. 

Алтынай Айтқұлованың сөзінше, бұл іс бойынша тек бір жігіт күдікті деп танылған.