Еске Есмахан екінші рет босанғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты
Ол бұл туралы Instagram парақшасында бөлісті
Өнер жұлдызы жағдайының бірқалыпты екенін, әлі перзентханадан шықпағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндер де қалыс қалар емес.
Әсіресе түнде әкесі екеуміздің жағдайымыз мәз емес болайын деп тұр. Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бұйыртса 1-2 күнде үйге қайтамыз", - деп жазды әнші.
Бұнымен қоса әнші ұлы ата-әжесінің тұңғыш немересі екенін де тілге тиек етті.
"Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі", - деді Ерке Есмахан.