Ауыл мектептерінде жалған дипломмен жұмыс істеген «мұғалімдердің» ісі әшкере болды
Ақмола облысының прокуратурасы мектептерде жалған дипломдарды пайдалануды анықтады
Тұлғалар жалған дипломдармен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы ақшалай қаражат алған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға мемлекет ерекше назар аударады және қомақты бюджет қаражатын бөледі.
Оның нәтижелері бойынша жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталды.
«Мәселен, 2021ж. «К» жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды). Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 «маман» пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты», - делінген