Мәдениет

"Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған”: Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты еске алды

Өнер иесі марқұм Ақжол Мейірбековты есіне алып, желіде әсерлі жазба жазды

Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесімен соңғы кездесуін есіне алып, оның қандай адам болғанын айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Соңғы үш жылда құда болған әртістер көп отырыста бас қосып, жақын араласып кеткен.
 

"Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған. Иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз. Қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді. Қазақ әншісі ретінде өз тыңдармандарының алғысын алды. Үш жылдан бері құдалар боп, талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді. Отбасыңыз жақсы болды. Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз. Үй салып, ағаш ектіңіз, артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін. Иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын", - деп жазды өнер иесі.